Бүгінгі таңда мониторинг барысында 336 мың гектардан астам аумақ зерттелген, оның 36 мың гектары өңделуге жатады.
Аймақта химиялық өңдеу 5 маусымда басталды.
Арнайы бүріккіш техникадан 12, оның ішінде 9 жерүсті желдеткіш бүріккіш, 3 аса жеңіл авиация көлігі пайдаланылып жатыр.
Барлық қажетті препарат бар.
«Қазіргі уақытта Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар, Жаңасемей аудандарында 34 мың га алқапта химиялық өңдеу аяқталды. Ауыл шаруашылығы егістіктері зақымданған жоқ. Өңірдегі жағдай бақылауда» дейді ведомстводан.
Осыған орай АШМ тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.