Абай облысында екі аудан мен бір қалада ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін, 9 қаңтарда екінші ауысымдағы оқушылардың сабағы қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Кazinform.
Көкпекті ауданындағы 16 мектептің 1-11 сынып оқушылары, Аягөз ауданындағы барлық мектептің 1-4 сынып оқушылары және Курчатов қаласындағы 4 мектептің 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.