Өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында құқық бұзушылықтарды анықтау үшін бейнебақылау камералары мен зияткерлік мониторинг жүйелері көмектесіп жатыр.
— Акция басталғалы бері полиция қызметкерлері 7 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 6800-ден астамы қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу деректері болса, тағы 650-ден астамы — ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактілері. Барлық құқық бұзушылар анықталып, олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, бейнебақылау камераларын пайдалану құқық бұзушыларды жедел анықтауға мүмкіндік беріп, тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға ықпал етеді.
Еске салсақ, осыған дейін Қостанайда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза ойындар» өткені хабарланған.