Абай облысында қайыққа мінген отбасы жағалауға жете алмай қалды
00:50, 09 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Абай облысы Жаңасемей ауданы Шүлбі кентіндегі ГЭС су қоймасында рейд кезінде ТЖМ қызметкерлері өздігінен жағаға жете алмай ұалған 5 адамды құтқарды.
Ата-анасы мен 3 баладан тұратын отбасы қатты желдің салдарынан өздігінен жағаға жете алмай қалған. Олардың арасында зардап шеккендер жоқ.
Осыған дейін Алматы облысында құтқарушылар аулаға кіріп кеткен жыландарды ұстап алғаны туралы жаздық.