Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Абай облысы Жаңасемей ауданы Шүлбі кентіндегі ГЭС су қоймасында рейд кезінде ТЖМ қызметкерлері өздігінен жағаға жете алмай ұалған 5 адамды құтқарды.
Ата-анасы мен 3 баладан тұратын отбасы қатты желдің салдарынан өздігінен жағаға жете алмай қалған. Олардың арасында зардап шеккендер жоқ.
Осыған дейін Алматы облысында құтқарушылар аулаға кіріп кеткен жыландарды ұстап алғаны туралы жаздық.