Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қатты жел салдарынан өрт құрғақ шөпке тараған.
Өрт сөндірушілер құрғақ шөптің жануын сөндіріп, қазіргі уақытта алдын ала 2 гектар аумақта қоқыс сөндірумен айналысып жатыр. Оқиға орнында, жерді қалпына келтіру, топырақпен толтыру және өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
- Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, - делінген ТЖМ хабарламасында.
Осыған дейін Алматыда өртеніп жатқан көпқабатты үйден 12 адам құтқарылғаны туралы жаздық.