Абай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылып, Жетісу мен ШҚО-да жол ашылады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазавтожол» мекемесінің хабарлауынша, бүгін Абай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылып, Жетісу мен ШҚО-да жол ашылады.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Атап айтқанда Абай облысында күн райына байланысты бүгін сағат 06:40-та «Өскемен – Семей» автожолының 103-198 шақырым аралығы (Шығыс Қазақстан облысының шекарасы- Семей қаласы) - «Семей – РФ шекарасы» автожолының 2-113 шақырым аралығында (Семей қаласы- РФ шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды ашу сағат 15:00-ге жоспарланған.

Ал Жетісу облысында 08:00-де республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығындағы учаскесінде (Көктұма ауылы – Достық стансасы), сондай-ақ ШҚО-ның  «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 7–166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылады. 

Осыған дейін екі облыста көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілгені туралы жаздық.