Абай облысында криминалистер қол ізінің көмегімен 92 қылмысты ашты

АСТАНА.KAZINFORM - Биылғы 6 айда Абай облысы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасы қызметкерлері қол іздерінің көмегімен 92 қылмысты ашты. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті жариялады.

Фото: Абай облысы ПД

Сонымен қатар 73 жағдайда криминалистикалық зерттеулердің нәтижелері қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтап, істердің ашылуына ықпал етті.

Қол іздері – қылмысты ашудағы ең маңызды әрі сенімді дәлелдердің бірі. Оларды дер кезінде анықтау, сапалы түрде алу және зерттеу қылмыс жасаған адамның жеке басын анықтауға, оның оқиға орнымен байланысын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Фото: Абай облысы ПД

Криминалистердің күнделікті еңбегі – дәлдік, кәсібилік және әрбір бөлшекке мұқият қарау. Осындай жұмыстың нәтижесінде қылмыстар ашылып, азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, криминалистика – тарихы терең күрделі сала. Осы салада табысты еңбек етіп жүрген маманның бірі – Қызылорда облыстық Полиция департаменті жедел криминалистика басқармасының криминалисі, полиция подполковнигі Жаңабай Сапарбаев.

Қызметте оған бала күнінен бергі сурет салуға әуестігі үлкен көмек. Жаңабай Сапарбаев куәгерлер мен жәбірленушілердің сипаттауымен арнайы бағдарламалық кешен арқылы күдіктілердің бейнесін жасап, қылмысты ашуға үлес қосып келеді.