Бұл туралы Kazinform Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
5 жасар екі бала ауылдың шетінде орналасқан Қарақол өзенінде толық қатпаған мұз үстінде ойнаған. Мұз жарылып, балалардың бірі мұздың астына түсіп кеткен.
Осы сәтте екінші бала ересектерге көмек сұрауға жүгірді. Куәгерлер өздерінің учаскелік инспекторына қоңырау шалды. Ол дереу оқиға орнына барып, құтқарушыларды шақырды.
Баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Аймақтағы су қоймаларында мұздың қалыңдығы қазір 3 см-ге жетпейді.