Абай облысында мұз астына түсіп кеткен 5 жасар баланың денесі табылды
17:58, 22 Желтоқсан 2023
Абай облысы Үржар ауданында мұз астына түсіп кеткен 5 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Баланың мұз астына түскенінен 3 сағат өткен соң, жергілікті еріктілер баланың денесін тапты.
Баланы табу үшін қолмен ойықтар жасалды. Баланың денесі құлау орнынан 75 метр қашықтықта табылды.
Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында мұз астына түсіп кеткен 5 жасар бала іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.