Абай облысында өрт сөндіріліп жатыр, жедел штаб құрылды
АСТАНА. KAZINFORM - Абай облысындағы өрт сөндіріліп жатыр. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің командалық орталығының базасында жедел штаб құрылды.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндіруге ТЖМ, ПД, ЖАО, ЖШС және ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің 111-ден астам адамы мен 33 техника жұмылдырылды.
Өрт орнында ТЖМ АМО қызметтері мен ТЖД психологтары жұмыс істеуде.
Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел желі ашылды 8 (722) 35-38-36.
Өртті сөндіру үшін Қазақстан ТЖМ авиациясы жұмылдырылды.
ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің тапсырмасы бойынша өрт шыққан жерге ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды.
Әуе кемесін қолдану өрттің таралуына жедел ден қоюды қамтамасыз ете отырып, өрт сөндірудің жылдамдығы мен тиімділігін арттырады.
- Қазақстанның ТЖМ өртті сөндіру және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда, -делінген хабарламада.