Абай облысында полиция 13 жастағы жасөспірімді іздестіріп жатыр

Фото: Фото: Абай облысы ПД

СЕМЕЙ. KAZINFORM – 10 сәуірге қараған түні Маканчи ауылының тұрғыны жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті.

Маканчи аудандық полиция бөліміне жасөспірімнің әкесі жүгініп, 2011 жылы туған, кәмелетке толмаған ұлы Қайсар Қайратұлы жоғалып кеткені туралы айтқан.

Әкесінің айтуынша, 9 сәуір күні сағат 14:30 шамасында ұлы жасыл түсті электрлі самокатпен үйінен шығып, еркін күрес секциясына қатысу үшін спорт модульге бет алған. Сол уақыттан бері қайда жүргені белгісіз.

Жасөспірімді іздестіру жұмыстары бірден басталды. Маканчи аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылып, іздеу топтары құрылды. Іздеу жұмыстарына мұғалімдер, ауыл тұрғындары мен әкімдік өкілдері де қатысып жатыр.

- Егер Қайратұлы Қайсардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса, «102» нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөліміне хабарлауыңызды сұраймыз, - делінген Абай облысы ПД хабарламасында.

Айт кетейік, Атырауда былтырғы қазанда жоғалған бойжеткенді Жайықтан іздеу қайта жалғасты.