Алдын ала болжам бойынша, тежегіш колодкалары қызып, жанып кеткен. Түтін көлік астынан, жанармай багына жақын жерден шыққан.
Бұл – өрттің өршуіне және ірі апатқа себеп болуы мүмкін еді. Көлік жүргізушісін дереу тоқтатқан полиция қызметкерлері көліктегі өрт сөндіргішті пайдаланып, өртті сөндіруге кірісті.
Оқиға орнында Көкпекті аудандық полиция бөлімінің аға криминалисі, полиция майоры Айбек Сапаров кәсіби әрі шұғыл әрекет етті.
Айта кетейік, жүк көлігінде 20 тонна көмір болған. Бір сәтке кешігу – ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін еді. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде өрт дер кезінде ауыздықталып, қайғылы жағдайдың жолы кесілді. Жүк көлігінің жүргізушісі полицияға алғысын білдірді.
– Колодкалардың жанып жатқанын өзім де байқамадым. Егер полиция дер кезінде тоқтатпағанда, салдары өте ауыр болуы мүмкін еді, – деді жүргізуші.
Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысында 74 жастағы қария із-түзсіз жоғалып кеткенін жазған едік.