Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстың автожолдарында күрделі жағдай туындады. Полиция бекеттері қойылды, полицейлер мен жол қызметтері тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Көлік қозғалысы шектелді, осыған байланысты кейбір учаскелерде кептеліс туындады.
Омбы - Майқапшағай тасжолында полиция мен арнайы техника қызметкерлерінің сүйемелдеуімен облыс орталығы бағытына шығу үшін біржолғы рұқсаттама күтіп, автокөлік бағанасы бірнеше шақырымға созылды. 500-ден астам жүргізуші рұқсатты күтті, оның 232 жүк көлігі болса, 338-і - жеңіл автокөлік.
Полицейлер жүргізушілерге көмектесіп, оларға ыстық шай ұсынды. Тәртіп сақшылары колоннадағы жүргізушілерді айналып өтіп, сусын таратты.
Бірнеше сағаттан кейін колонна Семей қаласына аман-есен жетті.