Абай облысында прокуратура жер қойнауын пайдаланушылардан 100 млн теңге өндіріп алды
АСТАНА. KAZINFORM – Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы 100 млн теңгеден астам соманы бюджетке төлемеген 25 жер қойнауын пайдаланушыларды анықтады. Бұл туралы Абай облысының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
— Жер қойнауын пайдалану шарттарына сәйкес, бұл қаражат өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталуы тиіс болған, — делінген хабарламада.
Прокуратураның қадағалау актісі негізінде көрсетілген соманы жер қойнауын пайдаланушылар толық көлемде төлеген.
— Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмысы жалғасып жатыр және прокуратура органдарының тұрақты бақылауында, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Абай облысы қайта құрылғаннан бері Үкімет резервінен 44,3 млрд теңге алғаны туралы жазған едік.