Оқиға Ақсуат ауданы тұрғындарының бірінің үйінде болды. Полицейлер пішенді екі бала өртеп жібергенін анықтады.
«Жергілікті мектеп оқушылары сіріңкемен ойнап отырып, кездейсоқ мал азығын өртеп жіберген. Осының салдарынан шығын көлемі 4 млн теңгені құрап отыр. Енді балалар келтірген материалдық залалды олардың заңды өкілдері төлеп беруі керек», - деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
«Егер балалар қараусыз қалғандықтан өрт шығып, біреуге зиян келтірілген болса, онда ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады», - деп ескертті тәртіп сақшылары.