«Бүгін Семей қаласында Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушылары Руслан Масанов пен Рустам Бейісханов Ертіс өзенінде патрульдеу жүргізу барысында жағадан 15 метр қашықтықта батып бара жатқан 2012 жылы туған қызды құтқарып, судан шығарды», — деп жазды ведомстводан.
Қазіргі уақытта құтқарылған адамның жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.
ТЖМ азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.