Абай облысында таулы жерде құрғақ шөп пен бұталар өртеніп жатыр

СЕМЕЙ. KAZINFORM - Абай облысының Аягөз ауданында Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты Арасан учаскесінде ашық аумақта, таулы жерде құрғақ шөп пен бұталар өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: Экология министрлігі

Қазіргі уақытта өрт орнында 95 адам және 26 техника жұмыс жүргізіп жатыр.

Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар және «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күштері жұмылдырылған. Қосымша күштер де оқиға орнына жолға шықты.

-Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан 57 адам мен 16 техника тартылуда. Таулы жер бедері, қатты жел және құрғақ өсімдіктер өртті сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр. Елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жүріп жатыр,-жделінген ТЖМ хабарламасында.

Осыған дейін хабарлағанаымыздай, СҚО-да екі ірі дала өрті сөндірілді.