Абай облысында түрмеде отырған адам көз жұмды, күдікті ұсталды

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан адамның қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Фото: Kazinform

Әзірге ер адамның нақты қалай көз жұмғаны жайлы ақпарат жоқ. Полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

— Қылмысқа қатысты күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпаратты жария етуге заңмен тыйым салынған, — деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Еске салсақ, осыған дейін Өскемен тұрғынын өлтірген ер адам қылмысын жасыру үшін пәтерді өртеп жібергені жайлы жазғанбыз.