Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мәліметіне сүйенсек, бұл оқиға 5 қазан күні болған.
«Екі сотталған адамның арасында ерегес туындап, олардың бірі алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды. Осыған байланысты қызметтік тексеру жүрді. Соның қорытындысы бойынша түзету мекемесінің бірқатар қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген ақпаратта.
Марқұмның нақты қандай жарақаттан көз жұмғаны жайлы ақпарат берілмеді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, осыған дейін Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандардың түрмеде жаппай пышақтасқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарған болатын.