— Олар мал іздеу үшін автокөлікпен шығып, хабарсыз кеткен. Іздеу тобы жоғалған азаматтарды Аягөз қаласынан 70 шақырым қашықтықта тапты. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, — делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, дала жолымен келе жатқан кезде олардың көлігі қарға батып қалған. Олар көлікті тастап, жаяу жүріп, ең жақын қараусыз қалған шаруа қожалығының үйіне жеткен. Ұялы байланыс болмағандықтан олармен байланыс орнатуға мүмкін болмаған.
Бұған дейін БҚО-да адасып кеткен малшы бір күннен кейін табылғанын жазған едік.