Абай облысында жыл басынан бері 1500-ге жуық жаяу жүргінші жол ережесін бұзған

АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысында полицейлер ереже бұзған жаяу жүргіншілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Polisia.kz .

Фото: Polisia.kz

Абай облысының аумағында жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп, өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне қатер төндіру жағдайлары жиі кездеседі. Соңғы деректерге сәйкес, жыл басынан бері 1456 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін бұзып, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен.

— Осыған байланысты Абай облысында полицейлер азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Құқық қорғау органдары құқық бұзушылықтарды анықтап, жауапкершілікке тартумен қатар, алдын алу шараларын да күшейтіп келеді. Атап айтқанда, патрульдік бақылау жұмыстары күшейтіліп, оқу орындары мен қоғамдық орындарда түсіндіру шаралары жүргізіледі. Сонымен қатар жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық науқандар ұйымдастырылады, — делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, Ақтөбеде жыл басынан бері жол-көлік апатынан 27 адам көз жұмды.