Абай облысында жоғалған атасы мен немересі аман табылды

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысында құтқарушылар жоғалған екі адамды тапты. Бұл жайында ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды. 

Фото: ТЖМ

Бүгін таңертең Абай облысында 1965 жылы туған ер адам мен оның 2013 жылы туған немересін құтқару операциясы сәтті өтті.

Фото: ТЖМ

Олар елді мекеннен 25 км қашықтықта іздеу-құтқару жұмысы барысында табылды. 

Тікұшақ ауаға көтерілді.

Жоғалған адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ.