Абай облысында жол апатынан 10 күнде 8 адам қаза тапқан

АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Фото: Абай облысы ПД

Шілде айының алғашқы 10 күнінде Абай облысының жолдарында болған жол-көлік оқиғалары салдарынан сегіз адам қаза тапты. Жолдағы жағдайдың күрделенуіне байланысты полиция қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр.

11-16 шілде аралығында Абай облысында, бүкіл республика аумағындағыдай, «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Негізгі мақсат — жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзатын жүргізушілерді анықтау және жаңа қайғылы оқиғаларға жол бермеу.

Полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқару, жылдамдықты асыру, қарсы қозғалыс жолағына шығу, қауіпті маневр жасау, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз немесе жалған нөмірмен көлік басқару фактілеріне ерекше назар аударады.

Сонымен қатар жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі мен қолайсыз ауа райы жағдайларында жол қозғалысы талаптарының сақталуы күшейтілген бақылауға алынады.

Айта кетелік Қазақстандағы жол апаттарының 91%-ы жүргізушілердің кінәсінен болады.