Абай облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM — 26 тамызда сағат шамамен 15:30-да Семей–Курчатов тасжолының 35-шақырымында Chevrolet Nexia және Kia Rio маркалы екі автокөлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты.

Фото: Абай облысы ПД

Алдын ала мәліметтер бойынша, Chevrolet Nexia автокөлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан «Газель» көлігін басып озу кезінде қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, сол жерде Kia Rio автокөлігімен соқтығысқан.

— Соқтығысу салдарынан көлік құралдарының жүргізушілері мен жолаушылары алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, — деді  ПД Ақпараттық саясат басқармасының аға инспекторы полиция аға лейтенанты Мирас Мақсұтов.

Деректерге сәйкес, апат салдарынан барлығы төрт адам қаза тапты.

Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Айта кетелік Павлодар облысында балалардың қатысумен болатын жол апаттары жиілегені туралы хабарлаған едік