Абай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 ауданның оқушылары бүгін сабақты онлайн оқиды, деп хабарлайды Kazinform облыстық білім басқармасына сілтемемен.
Абай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты I ауысымдағы:
- Аягөз ауданындағы 12 мектептің 1-11 сынып оқушылары;
- Көкпекті ауданындағы 14 мектептің 1-11 сынып оқушылары;
- Ақсуат ауданындағы 17 мектептің 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.