«Жұмыстан тыс уақытта Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін офицердің денесі үйінен табылды. Алдын ала ақпарат бойынша офицер өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген ақпаратта.
Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметкердің туған-туыстарына көңіл айтты.
Еске салсақ, 17 қыркүйекте Алматыда әскери қызметші тапаншадан жарақат алғаны хабарланған.
Бүгін де өршіп тұрған қоғамның мәселесі әскердегі әлімжеттік туралы сараптама мақаламен танысқыңыз келсе «Әскердегі әттеген-ай: Әлімжеттік қашан жойылады» атты материалға өтсеңіз болады.