Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай әскери техникамен жұмыс істеу кезінде болған. Әскери қызметші алған жарақаттан соң көз жұмған.
– Келісімшарт негізінде қызмет атқарып жүрген әскери қызметші ауыр жарақат алды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады гарнизонның баспасөз қызметінен.
Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша қажетті тергеу шаралары қолға алынды. Мамандар оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
Ведомство қаза болған әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда көктемде 600-ден астам азамат әскерге аттанатыны хабарланған.