Абай облысының мектеп түлегі Олжас Самархан 750 қатысушының ішінен топ жарып, «Жылдың үздік жас сарбазы» атанды.
«Олжас — Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназияның биылғы түлегі. Ол Абай облысының „Абай қырандары“ командасында өнер көрсетіп келеді. 9-сыныптан бастап АӘД мұғалімі Серік Түсіповтің тікелей жетекшілігімен „Жас қыранға“ қабылданды», — деп жазды өңірдегі білім басқармасынан.
Облыстық, республикалық сайыстарда көп жетістікке жетті: «SMART SARBAZ» — І орын, «Айбын дарыны» — І орын, Ак-74 қаруын толық емес бұзып-жинақтаудан — І орын, ОЗК киюден — І орын, кермеге тартылудан — ІІ орын.
Олжас Самархан — Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің төрт жылдық грант иегері. Сондай-ақ робототехникадан Индонезияда өткен халықаралық чемпионатта үлкен жетістікке жетті.