Өртті сөндіру жұмыстары таулы жер бедері мен жекелеген учаскелердің қолжетімсіз болуына байланысты қиындады. Бұл техниканың қозғалысын және өртке қарсы жұмыстарды жүргізуді қиындатты.
Өртті сөндіруге ТЖМ, ЭТРМ, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдар мен ПД-ның 433 қызметкері және 100-ден астам техникасы жұмылдырылды. Әуеден барлау жүргізу және өртті сөндіру үшін ТЖМ «Қазавиақұтқару» және ҰҚК Шекара қызметінің екі әуе кемесі тартылды.
Әуе кемелері 26 рет су төкті. Жалпы 71 тонна су төгілді. Зардап шеккендер жоқ.
Айта кетелік Тарбағатайдағы өрт тоқтатылып, ошақтары сөндіріліп жатқаны туралы жазған едік.