Абай облысындағы шахтада екі жұмысшы уланып, біреуі көз жұмды

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысындағы Орлов шахтасында екі жұмысшы уланып, біреуі ауруханада бара жатқан жолда қаза болды.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

19 наурыз күні сағат 10:40 шамасында Орлов шахтасының диспетчеріне екі жұмысшының зиянды газдардан улану белгілерімен табылғаны туралы ақпарат түсті. 

— Зардап шеккендердің бірі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Медициналық көмек көрсетілген екінші жұмысшының қазіргі жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр, — деп хабарлады KAZ Minerals тобының баспасөз қызметінен.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. 

— Кәсіпорынның басқарма төрағасы Андрей Третьяков жазатайым оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін Орлов кенішіне жолға шықты. KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы қаза болған қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Компания марқұмның отбасына жан-жақты көмек көрсетеді, — делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін Конгодо шахта опырылып, 200-ден астам адам көз жұмғаны хабарланған.