«Семей Водоканал» МКК-ның үлгілік шарттарында заңнамада көзделген су есептеуіш құралдарын 10 күн ішінде пломбалау жөніндегі міндетті талап ескерілмеген.
Соның салдарынан қызмет көрсету мерзімі негізсіз созылып, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқығы бұзылуы мүмкін еді.
Прокуратураның араласуынан кейін 1641 кәсіпкермен және 16 инвестормен жасалған шарттар заң талаптарына сәйкестендірілді.
Қазіргі уақытта тағы 1 759 кәсіпкердің құқығы қорғалып, құжаттар реттеліп жатыр.
Айта кетелік прокуратура 21 мыңнан астам спортшының құқығын қорғаған еді.