Полицияға Үржар ауданының 24 жастағы тұрғыны жүгінген. Өз сөзінде ол алаяқтықтың құрбаны болғанын жеткізді.
- Тергеу барысында 44 жастағы әйел "медициналық диплом алып беремін" деген желеумен жәбірленушінің сеніміне кіріп, 600 000 теңге алғанын анықталды. Алайда уәде етілген құжат сол күйі берілмеген, - деп хабарлады Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қолхатпен босатылды.
- Құжаттарды «жедел» немесе «бейресми» түрде рәсімдеу жөніндегі күмәнді ұсыныстар заңға қайшы келеді. Мұндай әрекеттер қаржылық шығынға ғана емес, қылмыстық жауапкершілікке де әкелуі мүмкін, - деп ескертті полицейлер.
Еске салсақ, осыған дейін алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланғаны жайлы жазғанбыз.