Абай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы ұсталды

Фото: Фото: "ҚазАқпарат" ХАА

Абай облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының басшысы ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оның ұсталғаны туралы ақпарат бар. Мәліметті кейінірек ұсынамыз. Қазір толық анықтама дайындап жатырмыз», - деп мәлім етті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Қоса кетсек, бүгін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының басшысын ұстағанын жазып едік.

Сонымен қатар бірнеше күн бұрын алаяқтық жасады деген күдікпен Атырау қаласы әкімі аппараты бөлімдерінің бұрынғы басшылары қамауға алынды.