Абай облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып Серік Төленбергенов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Серік Төлеуғалиұлы 1974 жылы дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист (2002 жылы), мемлекеттік және жергілікті басқару (2006 жылы) мамандықтары, Қазақстан-Америкалық еркін университетін құқықтану (2013) мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы «АРЖ» ЖШС-да есепші болып бастады. 1997 жылы ҚР Қаржы министрлігі Қаржы-валюталық бақылау комитетінің Семей облысы бойынша басқармасының бақылаушы-ревизоры қызметіне тағайындалды.

2000-2002 жылдары «Аст-Пром» ЖШС директоры болды. 2009-2010 жылдары Өскемен қаласының Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.

2010-2011 жылдары аралығында Риддер қаласы әкімінің орынбасары болып еңбек етті. 2012-2013 жылдары Ұлан ауданының әкімі лауазымында қызмет істеді.

2017-2019 жылдары аралығында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, 2021-2022 жылдары «Теньши TrC» ЖШС директорының кеңесшісі болды.

Осы лауазымға тағайындалмастан бұрын Семейдегі «Теплокоммунэнерго» МКК басшысы қызметін атқарған.