Абай облысы орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы тағайындалды

Фото:
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен Мақсат Елемесов Абай облысы бойынша облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Мақсат Мұратұлы 1975 жылы 15 ақпанда Семей облысы Бесқарағай ауданы Большая-Владимировка ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Орман және бақ-саябақ шаруашылығы» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын Шығыс қазақстан облысы Бесқарағай ауданының Канонерка орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорнында жұмысшы болып бастады.

1994-1998 жылдары Канонер орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорынында орманды күзету және қорғау жөніндегі инженері, коммерциялық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары;

1998-2004 жылдары Бегенев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің бас орманшысы, директор орынбасары;

2004-2008 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті бас маманы, бөлім басшысы, 2009-2013 жылдары «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесінің бас директоры, 2013-2020 жылдары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқарма басшысы қызметтерін атқарды.

Айта кетейік, кеше Шығыс Қазақстан мен Ұлытау облыстарында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшылары тағайындалғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар