Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ресейлік әріптестер орман шаруашылығын дамыту, ормандарды қалпына келтіру, мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрттердің алдын алу және жою бойынша тәжірибе алмасты.
Красноярск мамандары қазақстандықтарға министрлік жанындағы ахуалдық орталық базасында орман өрттерін ерте анықтау үшін қолданылатын заманауи бейнемониторинг жүйесін көрсетті. Ұшұышсыз ұшу аппараттарын қолдану арқылы ормандарды бақылаудың цифрлық желісі тұтанған өрт ошақтарын уақытылы қадағалап, жою бойынша жедел шаралар қабылдап, кеңістікті үнемі бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану орманның жай-күйін көруге және браконьерлікпен күресуге жол ашады.