Қайғылы оқиға Абай облысы Жарма ауданы Үшбиік ауылында болған. Суицидке барған 9 сынып оқушылары. Олардың біреуі құтқарылғанымен, екіншісі көз жұмды.
Облыстық Полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
«Жарма аудандық полиция бөлімімен аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 3-бөлігіне (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамасы тағайындалды. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәліметтер және сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді», - делінген ақпаратта.
Ведомство мәліметінше, тергеу барысы облыс департаменті басшылығының ерекше бақылауында.