Абай облысында 2023-2024 жылдары 5700 орындық 11 жаңа мектеп салынады
Әкім келтірген мәліметтерге қарағанда, әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстары белсенді жалғасып жатыр.
Аудандық аурухананың су, кәріз және сыртқы жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасының пилоттық жобасы аясында Үштөбе, Екпін ауылдарында 2 жаңа дәрігерлік амбулатория, Кіндікті ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт, Мүрсәлім, Айнабастау, Ақжал, Қызыл Жұлдыз, Сұлутал, Көктөбек ауылдарында 6 медициналық пункт салу жоспарланған.
«Абай облысында 2023-2024 жылдары 5700 орындық 11 жаңа мектеп салынады. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Ақсуат ауылында 300 орындық мектеп салу жоспарланған. Сондай-ақ, Көкжыра ауылында 100 орындық жазғы балалар лагерінің және Көктүбек ауылында 80 орындық мектептің құрылысы басталады», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.