СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысы Бесқарағай ауданында ақын Нұрлыбек Баймұратұлына ескерткіш қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Бесқарағай ауданының орталығында ақын, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрлыбек Баймұратұлына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті.
Белгілі ақын Нұрлыбек Баймұратұлы қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, насихаттаған. Ақынның «Ер Төлеген» және «Қанды жорық» дастандары жеке кітап болып басылды. Шығармаларының жинағы 1957 жылы жарық көрген.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Абай облысында халықаралық өнер және спорт фестивалі өтіп жатқанын хабарлаған едік.
Фото: semeynews.kz
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.