СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында әскери қызметкердің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Абай облысында оқтан көз жұмған әскери қызметкердің денесі табылды. Алдын ала дерек бойынша ол өз өзіне қол жұмсаған. Бұған не себеп болғаны әзірге белгісіз.
«Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Марқұмның артында әйелі мен 5 баласы қалған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Әскери қызметкердің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеудің өзге деректері жария етілмейді.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.