Абай облысында әуесқой балық аулауға арналған 6 орын бекітілмек

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында әуесқой балық аулау үшін 6 орынды белгілеу ұсынылды. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған өңір әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұқтырма су қоймасы:

- Ескі Қарақастан алшақтай келе екі жағалаудың бойындағы ағыспен төмен қарай 2 шақырым;

- Табанды – Қара учаскесінен ағыспен жоғары қарай 2 шақырым, су айдынының ортасына қарай 1 шақырым аумақ рекреациялық балық аулау аймақтары болып белгіленсін.

Шүлбі су қоймасы:

- Шүлбі кентінен алшақтай келе 1,2 шақырым, ағыспен жоғары қарай 1 шақырым, су айдынының ортасына қарай 1 шақырым;

- Шүлбі кентінің саяжайларынан алшақтай келе ағыспен төмен қарай 1 шақырым, су айдынының ортасына қарай 1 шақырым;

- Үбе-Форпост ауылына қарсы учаскеде жағалау бойымен 1 шақырым, су айдынының ортасына қарай 1 шақырым;

- Үбе өзенінен алшақтай келе 500 метр, ағыспен жоғары қарай 1 шақырым, су айдынының ортасына қарай 1 шақырым рекреациялық балық аулау аймақтары болып белгіленсін», - деп көрсетілген қаулыда.

Құжатты ашық талқылау 22 қаршаға дейін жалғасады.