«14 тамыз күні кішкентай қызды зорлау фактісі бойынша анасының арызы негізінде облыстық Полиция департаментінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚР Қылмыстық кодексінің 120 және 121-бабының 4-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер бойынша айып тағылған күдікті адам анықталды», - деді полициядан.
Сол күні күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Күдікті 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Істің барлық мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Балаға медициналық көмек көрсетілді. Қылмыстық істі тергеу және болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау Департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды», – делінген ұсынылған мәліметте.