СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында бірқатар қала, ауданда екінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда қатты аязға байланысты кейбір қала, ауданда екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды.
«Атап айтқанда, Үржар, Аягөз, Ақсуат аудандарында сабақ дәстүрлі форматта өтеді. Ал қалған аудандар мен қалаларда оқушылар онлайн оқиды. Семей қаласында 1-4 сынып оқушылары ғана мектепке бармайды», - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, кеше де Абай облысындағы кейбір қала, аудандарда оқушылар онлайн форматта білім алғаны хабарланған еді.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.