Абай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша биыл 145 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Соның салдарынан 24 адам көз жұмып, 201 адам жарақат алды. Жыл басынан бері 51 жаяу жүргіншіні көлік қақты.
«Семей қаласында көлік қағып кеткен 5 жаяу жүргінші мерт болған. Қайғылы оқиғалардың басты себебі – тұрғындардың жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуі және көліктердің жылдамдық режимін сақтамауы. Адамдар жолдан өтерде тіпті айналасына қарамай-ақ жүгіріп шығады. Жүргізуші көлік жылдамдығын тежеп үлгере алмай қалуы мүмкін», - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда жол апатынан 3 адам зардап шеккені хабарланған.