2025 жылға дейін өңірде осындай тағы 14 бекет құру жоспарланған.
«Қосымша, өрт сөндіру бөлімшелері жоқ елді мекендерде баламалы тәртіпте 150-ден астам ерікті құралым мен 50-ден астам өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді, олар қажетті техникамен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған», - деді министр.
Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысының халқымен кездесу өткізді. Онда министр жыл басынан бері Абай облысының құтқарушылары үш жүзден астам адамды құтқарғанын айтқан еді. Бұл - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп. Жалпы, өңірде бес жүзден астам төтенше жағдай тіркелген.