Абай облысында өрт сөндіру жұмыстары үш бағытта жүріп жатыр

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Абай облысында үш бағытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

«Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1 500-ге жуық адам, 300-ден астам техника жұмылдырылған.

14 тікұшақ тартылды. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 621 рет су төгілді, жалпы көлемі 1 900 жуық тоннаны құрайды», - деп жазды ведомстводан.