Абай облысында Отбасының цифрлық картасы жобасы сәтті жүзеге асуда

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысында «Отбасының цифрлық картасы» пилоттық жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, онда «Отбасының портреті» деп аталатын 9 жәрдемақы мен әлеуметтік төлем бойынша отбасы мен оның мүшелері туралы деректер жинақталған. Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде, мемлекеттік қызмет алуға келісім беру үшін жәрдемақы алушыға СМС хабарлама жіберіледі.

«Бүгінгі күнде пилоттық режимде 1179 СМС хабарлама жіберіліп, 732 әлеуметтік, зейнеткерлік және атаулы жәрдемақы төлемдері тағайындалды. 2025 жылға қарай әлеуметтік, денсаулық сақтау және білім салаларының мемлекеттік кепілдендірілген барлық түрлері Цифрлық картамен қамтылатын болады.

Облыстардың бөлінуіне байланысты Абай облысына 841 төсек-орындық 5 облыстық медициналық – әлеуметтік мекеме берілді, оның екеуі 161 орындық балалар мекемесі.

Бұдан басқа, қалалар мен аудандарда 13 аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 5 мың адамды қамтитын 34 бөлімше бар», - деп жазды ведомстводан.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Семей қаласының «KARAGAILY» шипажайы АӘММ базасында жыл сайын 1955 ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғалар шипажайлық-курорттық ем алатын болады. Шипажайға 2022 жылдың 18 шілдесінен бастап ем алушыларды қабылдау ұйымдастырылды, бүгінгі күні 652 адам ем алды.

Келесі жылдан бастап мүгедектігі бар адамдардың тұруына тікелей жақын жерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін сыйымдылығы аз үйлерді ашу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру басталады.

«Қазіргі жағдай бойынша оңалтудың жеке бағдарламасына (ОЖБ) сәйкес мұқтаж азаматтардың жалпы санынан 93,3%-ы қамтамасыз етілді, 2021 жылмен салыстырғанда 10% артық.

2023 жылдан бастап мүгедек балаларға арналған қымбат тұратын техникалық оңалту құралдарын (ОТҚ) беру жөніндегі орталық «ОТҚ паркін» құру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды бастау керек. ОТҚ сатып алу «Қазақстан халқына» қорының көмегімен жүзеге асырылады.

2021 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын 20%-дан 575 объектіні қайта жабдықтау жоспарланған. Бүгінгі таңда 255 объект немесе 44,3%-ы бейімделген. 2023 жылға 102 нысанды бейімдеу жоспарланған», - деп жазды әкімдіктен.

Сондай-ақ, облыста 1540 мүгедектігі бар, жүріп-тұруы қиын адамдарды тасымалдау қызметін қамтамасыз ететін «Инватакси» қызметінің 16 автокөлігі жұмыс істейді. Келесі жылы «Samruk-Kazуna Trust» корпоративтік қорының қаражаты есебінен ГАЗ A31R33 маркалы 3 автомобиль жеткізілетін болады.

Бұдан басқа, Семей қаласында 150 орындық мүгедектігі бар адамдар үшін оңалту орталығының құрылысы жүргізілуде.