Абай облысында шомылуға рұқсат етілетін су айдындарының тізімі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Абай облысында биыл шомылуға, саяхаттауға және су спортымен айналысуға арналған жерлердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта Абай облысының 4 ауданы мен Семей қалысындағы су объектілерінде көпшіліктің демалуына арналған орындардың тізімі жазылған.

Бесқарағай ауданы бойынша:

«Шошқалы» көлі – көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекаралары шегінде.

Бородулиха ауданы бойынша:

Шүлбі су қоймасы – «Жанай» және «Нұрсұлтан» демалыс базалары;

Жерновские көлдері – «Адал компани» демалыс базасы;

Михайловские көлдері – «Кристалл» балалардың сауықтыру лагері;

Арасан көлі – «Жарма Арасан» сауықтыру орталығы.

Жарма ауданы бойынша:

Арасан көлі – «Жарма Арасан» сауықтыру орталығы.

Үржар ауданы бойынша:

Алакөл көлі – көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен белгіленген шекаралары шегінде.

Семей қаласы бойынша:

Ертіс өзені – «Саржайлау» демалыс базасы;

Ертіс өзені – «Бобровка» демалыс базасы;

Атауы жоқ көл – «Мақсал» демалыс базасы;

«Колхозное» көлі – «Тополек» шаруа қожалығының жағажайы.

Құжат 26 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.