СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысы Бородулиха ауданында су құбырындағы апат салдарынан бір ауыл халқы сусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бородулиха ауданында су құбырында апат болып, Қарөстелі ауылындағы 400-ге тарта үй сусыз қалды. Тұрғындар суды басқа елді мекендерден тасып әкелуде.
Қазіргі уақытта мамандар апат болған жерде тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Апатты жою мақсатында Белағаш топтық су құбырын пайдалану бойынша өндірістік учаскенің барлық техникасы мен жеке құрамы жұмылдырылған. Кәсіпорынның басқа бөлімшелерінің мамандары мен қосымша құрал-жабдықтар да жіберілді», - деп хабарлады «Қазсушар» РМК-дан.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.